«Біз алған ақпаратқа сәйкес жүк ұшағының Түрік авиажелілеріне қатысы жоқ, ұшақ түрік жеке компанияларының біріне тиесілі болған», - деді Газигиль.
16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында, әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing 747-400 жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. 23 үй қирап, 37 адам қайтыс болды.