Метеоқызмет дерегі бойынша, 20-25 шілде аралығында Шу облысының аумағында 41 градусқа дейін, Талас алқабында 39 градусқа дейін, Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында 42 градусқа дейін, Нарын облысында 36 градус, Ыстықкөлде 34 градусқа дейін, таулы аудандарда 24-29 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.
Ведомство халықты көбірек су мен салқын сусындар ішуге, ашық күн астында жүрмеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын мол суаруға шақырып жатыр.
Ашық көздерден алынған фото