Қырғызстанда аса сирек кездесетін гүл - қар лотосы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның саяхатшылар клубы мүшелерінің экспедициясы барысында Иныльчек маңынан аса сирек кездесетін гүл - қар лотосы (қожа шөп) табылды.

Бұл туралы КирТАГ-қа клуб мүшесі Влад Ушаков хабарлады.

 «3 күн бұрын экспедиция барысында біргей гүл табылды. Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін гүл - қар лотосы. Оны табу оңайға түскен жоқ», - деп атап өтті В.Ушаков.

Қар лотосы теңіз деңгейінен 3 000-4 500 метр биіктегі жартастарда өседі. 

Ол киелі гүл саналады және ерекше күтімді қажет етеді. Тек тамыздың ортасында ғана гүлдейді. Өсімдік Қызыл кітапқа енгізілген.