БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Әскери бөлімдердің бірінде белгісіз зат жарылып, Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің қызметкері жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, алдын ала мәліметтер бойынша белгілі болғаны, 2021 әскери бөлімінің автомобильдерді тексеру пунктінде пеш жағу кезінде белгісіз зат (анықталып жатыр) жарылған. Жарылыстан 2003 жылғы әскери қызметкер аяғынан жараланады.
Әскери қызметкер шұғыл түрде Раззаков қаласының аумақтық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалайды.
Оқиға бойынша құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.