14 мамыр күні сағат 18:30 шамасында Ә.Науаи атындағы саябақтағы айналмалы әткеншек опырылып түскен. Turmush агенттігі тілшісінің мәлімдеуінше, ауруханаға түрлі жарақаттармен алты адам жеткізілген, зардап шеккендердің ішінде 37 жастағы келіншектің жағдайы аса ауыр. Екі азамат қалалық аурухананың травматология бөлімшесінде жатса, үш жас бала медициналық мекеменің түрлі бөлімшелерінен ем алуда.
Дәрігер Эркин Абдуалиевтің айтуынша, жан сақтау бөліміндегі А.И.есімді әйелдің жағдайы тұрақты.
Жарақат алғандардың тағы бірі 1995 жылы туған Мээрим Бекиева, оның басы зақымданып, аяғы сынған. Сондай-ақ, ауруханаға 2000 жылғы қала тұрғыны Ибрагимова, 1999 жылы туған Нұржамал Тұрдиева, 2005 жылғы Андрей Чайковский, 1998 жылғы Ибрагимова есімді қыз бала жеткізілді. Ош қалалық ІІБ оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады.