Бұл туралы журналистерге Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Мухаметкалый Абулгазиев мәлім етті.
«Қаза болғандардың туған туыстары президенттік қордан 100 мың сомнан материалдық көмек алады. Түркия тарапымен шығынды өтеу туралы сөз айту әлі ерте. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері жапа шеккендерге материалдық көмек берілгенше өздерінің айлықтарын жіберуге ниет танытып отыр», - деді вице-премьер.
Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Апат салдарынан 32 адам қаза тапқан. Қырғызстан вице-премьер-министрі Мухамметқалый Абулгазиевтың басшылығымен арнайы штаб құрылды. Қырғызстанда ертең аза тұту күні болып жарияланды.