Бұл туралы қоғамдық телерадиотарату корпорациясы мен ЭлТр телекомпаниясына берген сұхбатында Қырғыз Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев айтты.
«Астық қорын ашу туралы шешім тұрғындардың аз қамтылған бөліктерін қолдау, азаматтардың ұн мен ұннан жасалатын өнімдерге сұранысын тұрақтандыру, сонымен қатар бағаны қолдан өсірумен күресу мақсатында қабылданды. Бұл астық ұнға айналдырылып, 340 мың аз қамтылған отбасыға тегін таратылады», - деді Қырғыз үкіметінің басшысы.