«Қырғызстанда ел халқының 60 пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады, олардың үштен бірі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, яғни бір фермер үш адамды асырап отыр. Бұл ретте елде пайдаланылмаған жер алаңы 77 мың гектарды құрайды», - деді С.Жээнбеков.
Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрлігінің рөліне тоқталып өтті, тағам өнеркәсібі түбегейлі өзгеруі тиіс.
«Фермерлер қандай өнім өсіру қажеттігін, қандай технология пайдалану қажеттігін, егу құрылымы қандай болу керектігін білуі шарт», - деп атап өтті ол.