Қырғызстанда бір тәулікте 128 адамнан коронавирус анықталды

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда бір тәулікте 128 адамнан COVID-19 уоронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы елдің Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штабы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирус анықталған 128 адамның 22-сі Бішкектен, 8-і – Оштан, 2-і Чкй облысынан, 33-і – Ош облысынан, 2-і – Нарын облысынан, 6-ы – Ыстықкөл облысынан, 17-сі – Жалал-Абад облысынан, 38-і – Баткент облысынан.

Эпидемия басталғалы Қырғызстанда 47 184 адам коронавирус жұқтырған.