Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметіне тыйым салынды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев «Қырғызстан Республикасының кей заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысы Аппаратының баспасөз қызметінен хабарланды. Заңды Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші 2015 жылы 25 ақпанда қабылдады.

Осылайша тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ойын қызметіне, сонымен қатар ойын қызметін көрсететін ұйымдар мен мекемелерге (букмекерлік кеңселер және компаниялар, тотализаторлар) тыйым салынды.

Заң қаржылық құқықбұзушылықтың қысқаруына, республикадағы криминогендік жағдайдың төмендеуіне, кәмелетке толмағандардың және тұрмыс жағдайы төмен жандардың құмар ойындарына қатысуынан туатын әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған.