Қырғызстанда COVID-19 антиденелеріне зерттеудің үшінші кезеңі өтіп жатыр

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда 31 қазан мен 4 қараша аралығында тұрғындарда COVID-19 вирусына иммунитеттің барын анықтау бойынша зерттеудің үшінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Зерттеулер Қырғызстан азаматтарының әртүрлі жас топтарында және тегін жүріп жатыр. Мақсат – эпидемияның таралуын болжау, инфекциядан кейінгі иммунитеттің сақталу ұзақтығын және вакцинацияның тиімділігін бағалау, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен күрес шараларын әзірлеу.

Алдыңғы кезеңдерге қатысқан 9 мыңнан астам ерікті осы жолғы зерттеуге де енгізілді. COVID-19 антиденелерін немесе вакциналаудан кейінгі антиденелерді анықтау үшін олардан қан алынады, нәтижесі бойынша қатысушыларға тиісті қорытынды беріледі.