Парламентарийдің пікірінше, соңғы кездері елде орамалдың орнына бет-жүзін толығымен бүркейтін қара паранжа киетін әйелдер саны өскен. Ш.Мәжитова Қырғызстан Өзбекстаннан үлгі алып, қоғамдық орындарда адамның бетін жасырып, тұлғасын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киюге тыйым салатын дәл осындай заңды қабылдауы керек деп санайды.
«Мен әйелдердің орамал тағуына қарсы емеспін. Сонымен қатар, қоғам үшін өзін танытуға мүмкіндік бермей, беттерін қара жамылғымен жабуды қауіпті деп санаймын. Бұл ұлттық қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты министрлер кабинетінен мемлекеттік деңгейде шаралар қабылдауды сұраймын», - деді депутат.