27 желтоқсан күні мектеп спортзалында дискотека ұйымдастырған 7-8 сынып оқушылары, электр тоғының болмауына байланысты генератор қолданған.
Би кеші барысында балалар бастарының ауырғанын сезіп, жүректері айни бастаған. Газдан улану салдарынан Шу аумақтық ауруханасына 110 адам қаралды, оның төртеуі мұғалім.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 38 адам ауруханаға, тағы үш оқушы жансақтау бөліміне жатқызылған.