Қырғызстанда ел президенттігіне үміткерлер ұсыныла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда президенттікке үміткерлер ұсыныла бастады, деп хабарлайды Кабар

«Қырғызстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды ұсыну 5 тамыз күні аяқталады, ал үміткерлердің тіркелуі 10 қыркүйекке белгіленген», - деп хабарлады Орталық сайлау комитеті Сайлауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Айбек Өмірәлиев ОСК отырысында.

Оның мәлімдеуінше, қол жинау тексерісі 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Үгіт-насихат жұмыстары үміткерлер тіркелген сәттен басталып, сайлауға бір тәулік қалғанда аяқталады. Сайлау учаскелерінің схемасын құру 1 тамыз күні аяқталады», - деді ол.

Сонымен қатар, ОСК өкілі БАҚ тіркелуі 24 шілдеде аяқталатындығын жеткізді.