Бұл туралы Азаттық сайты жазады.
Ош қаласында салынған мешіттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген президент Алмазбек Атамбаев халыққа "исламның бірлікке бастайтын дін екенін" айтып, Қырғызстанның әрбір азаматы "бір ғана ұлттың өкілі екенін" есінен шығармауы тиіс екенін айтты. 2010 жылдың 10 маусымында Ош қаласында қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында қақтығыс болып, 400-ден астам қаза тапқан болатын. Тәртіпсіздік кезінде жүздеген үй-жай өртенген.
Мешітке бір мезгілде 20 мың адам сияды. Мешіт жергілікті тұрғындардың жинаған ақшасына және Түркия мен Сауд Арабиясы үкіметтерінің қаржылай қолдауымен салынған.
02:37, 12 Маусым 2012
Қырғызстанда елдегі ең үлкен мешіт ашылды
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Қырғызстанда 2010 жылы 10 маусымда Ош пен Жалалабад қалаларында қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қырғынның екі жылдығына орай елдегі ең үлкен мешіт ашылды.