Қырғызстанда электр энергиясы 21 пайызға қымбаттайды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 2016 жылы электр энергиясына тариф 21 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР үкіметінің жанындағы ТЭК реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік статс-хатшысының міндетін атқарушы Миргул Айдарова мәлімдеді.

«Қырғызстанда электр энергиясына тариф 2016 жылы 21 пайызға қымбаттайды. Бүгінде ол сағатына 1 кВт-ға 0,77сомды құрайды», - деп атап өтті М. Айдарова.

Оның айтуынша, ортамерзімді тарифтік саясатқа сәйкес 2017 жылы тұтынушылар үшін электр энергиясы 29 пайызға артады деп күтілуде.

Мемлекеттік агенттік директоры Нұрбек Елебаев атап өткендей, қазіргі уақытта ел халқы үшін электр энергиясы нақты құнынан төмен сатылуда.

«Өткен жылы электр энергиясына нақты баға - сағатына 1 кВТ үшін 1,2 сомды құраған, бүгінде - 1, 67 сом болып отыр. Біздің есебіміз бойынша, 2016 жылы баға 2 сомға дейін жетуі мүмкін», - деп түсіндірді ол.