Бұл туралы Шолпан Ата қаласында өтіп жатқан Жерді ғарыштан бақылау бойынша ІІ халықаралық симпозиумда Қырғыз Республикасының ҰҒА академигі Әбдіғани Еркебаев хабарлады.
Қырғыз елінің бас ғалымдарының бірі Қырғызстандағы ғарыш саласының дамуындағы ғылым академиясының рөлін атап өтті. «Біздің ғалымдарымыздың бұл саладағы көп жылдық талпыныстары сәтті аяқталып, Ыстықкөлдегі форум Қырғызстанда ғарыш агенттігінің құрылатын күнін жақындатады деп үміттенеміз», - деді Ә.Еркебаев.