Ұсталған А.А. 1994 жылы Қырғызстанда туған.
Елдің ұлттық қауіпсіздік қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, лаңкес халықаралық террористік ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шаралары аясында ұсталған.
Күдікті 2012 жылы Сириядағы террористік лагерьлерінің бірінде арнайы дайындықтан өтіп, үкімет әскерлеріне қарсы қарулы қимылдарға қатысқаны анықталған. Ол халықаралық халықаралық террористік ұйым басшыларынан арнайы тапсырма күтіп жүрген.
Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.