Түске қарай тізімге тіркелген 219 сайлаушының 60-ы дауыс беріп үлгерді. Олардың ішінде консулдық есепте тұрған және тұрақты тұратын, сондай-ақ Қырғызстан аумағына уақытша келген студенттер мен азаматтар бар.
Учаскеге қазақстандықтар отбасыларымен бірге келіп дауыс беруде.
Сайлау учаскесінде ТМД парламентаралық ассамблеясынан шетел бақылаушылары жұмыс істеуде. Миссия басшысы Иманқадыр Рысалиев учаске жұмысы қанағаттанарлық дәрежеде екенін айтты.
«Бірнеше партиялар ұсынылған сайлау науқаны Қазақстанда парламентаризм мен плюрализмнің даму деңгейін көрсетеді. Бүгінгі сайлау қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі маңызды оқиға болып табылатыны шындық. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуынан көрініс табатын болады», - деп өз пікірін білдірді И. Рысалдиев.