Қырғызстанда қазақстандық дипломаттар дауыс берді (ФОТО)

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігіндегі №214 сайлау учаскесінде Қырғызстандағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Бозжігітов, дипмиссия қызметкерлері, аккредиттелген қазақстандық мекемелердің өкілдері мен олардың жанұялары дауыс беруге қатысты.

№214 сайлау учаскесінің төрағасы, Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші-елшісі Ербол Ахметовтің сөзіне қарағанда, қазақстандық азаматтар сайлауға белсенді қатысып жатыр.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 165 адам дауыс берген. Бұл дауыс беру тізіміндегі сайлаушылардың шамамен 75 пайызы.