Қырғызстанда кеңінен тараған есімдер мен тектер аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тіркеу қызметі Қырғызстан азаматтарының арасында кең тараған есімдер мен тектерді атады. Бұл мәліметтер 2005 жылдан 2016 жылға дейінгі уақытта шығарылған төлқұжаттар мәліметтері базасынан алынды, деп хабарлады КирТАГ.

Белгілі болғандай, Қырғызстанда кең тараған ер адамдардың есімдері: Азамат, Александр, Нұрбек, Нұрлан және Айбек. Кең тараған әйелдер аты: Айнұр, Наргиза, Татьяна, Динара және Аида.

Ерлер мен әйелдер тегінің ТОП-10-на Исмаилов, Абдуллаев, Акматов енді.