Олардың ойынша, бұл бірнеше факторға байланысты: етке әлемдік бағаның өсуі; әлемдік ауқымда халық санының артуы; елде мал басын бұрынғы ауқымда сақтай алатын ірі шаруа қожалықтарының тапшылығы: валюта курсының қарқынды артуы.
2010 жылдың он бір айында Қырғызстаннан ет экспорты 1093,4 тоннаны құрады, ол 2009 жылдың көрсеткіштерінен екі есе артық. Министрліктегілердің пікірінше, «өнімнің кейбір түрлеріне баға жасанды түрде арттырылып отыр, өйткені көрші республикаларда сұранысқа ие ауылшаруашылық өнімдері заңсыз түрде және орасан көп мөлшерде және қымбат бағаға әкетіліп жатыр».