6 адамнан тұратын команда капитанының айтуынша, команда құрамы бұл іске жаттықпайды, олар киіз үйде туып өскен. «Біз алтаумыз жылдам киіз үй құру үшін әдейі жаттықпаймыз. Бізде ауылда әр отбасында киіз үй құрады, сондықтан оның егжей-тегжейін жақсы білеміз.
Екінші дүниежүзілік көшпенділер ойынында біз 10 минут 16 секундта киіз үй құрып Гран-при алғанбыз. Қазір 9 минут 55 секундта орнатып, рекордты жаңарттық», - деді команда капитаны Толосун Бектеміров.