Бұл жайлы баспасөз мәслихатында «Бірлік және даму» парламенттік көпшілік коалициясының төрағасы Қанатбек Исаев пен Қырғызстанның Социал-Демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Чыныбай Тұрсынбеков мәлім етті.
БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Қанатбек Исаев Жогорку Кенештегі коалдициялық көпшіліктің сақталғанын ресми мәлім етті және оның ыдырайтыны туралақпаратқа негіз жоқ екенін атап көрсетті.
«Бірқатар депутаттардың тарапынан түрлі сауалдар туындаған болатын, олардың бәрі бүгінгі келіссөздің барысында шешімін тапты. Біз осындай кездесулерді жиі өткізіп тұру және әр фракциядан төрт депутаттан кіретін Коалиция кеңесін құру туралы шешім қабылдадық», - деді Ч.Тұрсынбеков өз сөзінде.
Парламенттік көпшілікке үш депутаттық фракция: «Қырғызстанның Әлеуметтік-демократиялық партиясы», «Ата жұрт» және «Республика» партиялары кіреді. Жогорку Кенештегі коалициялық көпшіліктің келешек тағдырына қатысты бірқатар мәселелер туындағандықтан, жұма күні депутаттар келіссөз өткізіп, осы мәселелерді талқылаған еді.