2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша, бұл елде тағы 19 адамның СOVID-19-ды жұқтырғаны белгілі болды. Олардың бесеуі — медицина қызметкерлері.
Жалпы республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 631 адамды құрап отыр, олардың 162-сі — медицина мамандары болса, 12-сі — құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Жалпы вирустың кесірінен сегіз адам көз жұмып, 302 адам емделіп шыққан.