Қырғызстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 14-ке жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы екі оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Бір адам «Манас» әуежайының бұрынғы «Ганси» базасында орналасқан обсервациялық орталықта болған және ол Франциядан келген. Кіші қажылықтан келген екінші адам Бішкектегі «Ақ кеме» қонақүйінде оқшауландырылғандардың ішінен шықты. COVID-19 вирус жұқтырудың барлық деректері сырттан келген адамдардан анықталған», - делінген Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб ақпаратында.

Осылайша, қазіргі уақытта Қырғызстанға коронавирус жұқтырғандардың саны 14 адамға жетіп отыр. Оның біреуі Джалал-Абад ауданының Баткен ауданында, 8-і Созақ ауданында және үшеуі Ош облысының Ноокат ауданында тіркелген.