2015 жылы 29 тамызда жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:02 Қырғызстан Республикасының ҰҒА сейсмология институтының стансасы MSK-64 12-балдық шкаласы (магнитуда Mpv=4,4, энергетикалық класс K=10,3) бойынша ошағындағы күші 4-4,5 балға жеткен жер сілкінісін тіркеді.
Алдын ала болжам бойынша, зілзала ошағы Қырғызстан аумағы Ферғана жотасында, Карл Маркс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км, Канджыга ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км, Таралча ауылынан шығысқа қарай 20 км, Атай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша жапа шеккендер жоқ.