Қырғызстанда Құрбан айттың күні әлі белгіленген жоқ

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Биыл Қырғызстан мұсылмандары Құрбан айтын 31 тамызда немесе 1 қыркүйекте атап өтеді, деп хабарлайды kabar.kg .

Республиканың Дін басқармасының хабарлауынша, құрбан айтының күні - мерекеге бірнеше күн қалғанда нақты айтылады.

Құрбан айт немесе Ид-әл-Адха (құрбандық шалу мерекесі) - мұсылмандардың басты мерекелерінің бірі.    Құрбан айт  киелі жер Меккеге, Мединеге (Сауд Арабиясы) қажылық рәсімін аяқтайды. 

Құрбан айт күні Қырғызстанда демалыс  жарияланады.   

Еске сала кетсек, қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнін 1 қыркүйекте атап өтеді. ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағында Қазақстандағы діни мерекелер демалыс күн ретінде белгіленген.