Қырғызстанда Құрманбек Бакиевтің интернет-бетін ашқан адам бостандыққа шықты

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Құрманбек Бакиевтің интернет-бетін ашқан Ұлыбритания азаматы Вугар Халилов бостандыққа шықты. Бұл жөнінде Диаспора істері жөніндегі Әзірбайжан мемлекеттік комитетіне сілтеме жасай отырып, «24.kg» АА хабарлайды.

Қырғызстандағы Flexi Communications жарнама компаниясын құрушы және оның жетекшісі ақталды және бостандыққа шықты.

Вугар Халилов 2010 жылғы сәуірдің 12-сінде Бішкекте тұтқынға алынды, оған сәуірдің 14-інде заңсыз жолмен ақша тапты деген айып тағылды. Қамауға алынған Халилов Қырғызстанның биліктен аластатылған бұрынғы президентінің баласы Максим Бакиевпен тығыз байланыста болғаны айтылады.

Вугар Халилов 20 жылдан астам «Азаттық» және Би-Би-Си радиосында жұмыс істеген. Ол құрған Flexi Communications жарнама агенттігі Қырғызстандағы және Орталық Азиядағы шетелдік компанияларға бірлескен-қаржы коммуникациялары, маркетинг, вед-әрлеу және басқа да шаралар саласында қызметтер көрсетті, сондай-ақ Құрманбек Бакиевтің интернет-бетін дайындады