«24 мамырға қараған түні сағат 01:49 Джалал-Абад облысы Созақ ауданы Ырыс селолық округі Кыржол ауылында көшкін болып, бес үйді басып қалды. Алты адам қаза тапқаны анықталды», - деп хабарлады министрлікте.
Үш адамның мәйіті табылған. Олардың ішінде 20 жастағы Элиза Алибекова, 5 жасар Мирал Калыбекуулу мен оның әпкесі бар. «12 адамды жедел жәрдем алып кетті. Қазір Аттокур Алибеков, Жамиля Сейдалиева және 6 жастағы бала іздестіріліп жатыр», - деді ТЖМ өкілі. Оқиға орнында ТЖМ жедел құтқару тобы, аймақтық қорғау, медициналық жедел жәрдем, өрт сақшылары іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қосымша 20 құтқарушы жіберілді. ТЖ министрі Кубатбек Боронов пен оның орынбасары Равшан Рысбаев оқиға орнына барды.