Қырғызстанда мектеп формасы алып тасталды

АСТАНА.  Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат  - Қырғызстанда сот шешімімен  мектеп формасы  алып тасталды.  Бұған  қол жеткізген   елдің  құқық қорғаушылары,  мектеп формасын  енгізу  Білім  туралы заңның,

Бала құқықтары  туралы конвенцияның,   Білім саласындағы  кемсітушілікпен  күресу  туралы конвенцияның   нормаларына   қайшы келетінін  алға тартқан болатын,  деп   хабарлайды  «Эхо Москвы» радиостансасы.

Шағым    авторлары сондай-ақ,  мектеп формасын  енгізу  баланың  білімге  қолжетімділігін  шектеп  отырғанын  көрсеткен.   Оған қоса,  шағым  берушілер  Мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық   қадағалау   қызметінің  форманың санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарға сәйкестігі  туралы    қорытынды бермегенін  де    пайдаланып  отыр.     Нәтижесінде, сот  мектеп формасын  алып тастау  туралы шешім  қабылдаған.