Қырғызстанда Мемлекеттік әнұранның мәтінін ауыстырады

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Мемлекеттік әнұранның мәтіні ауыстырылады. Бұл туралы мемлекеттік рәміздерді ауыстыру жөніндегі депутаттық комиссияның төрағасы, «Ар-Намыс» фракциясының мүшесі Абдырахман Маматалиев мәлім етті, деп хабарлайды «24.kg» ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жұмыс тобы әнұран мәтініндегі 5-6 сөздің екіұшты мағына беріп, нақты орнында тұрмағандығын анықтаған. Енді осы сөздерді құлаққа жағымды, мәнді де мазмұнды сөздермен ауыстыру керектігі айтылған.

«Әнұран мәтінінің авторы жұмыс комиссиясының пікірімен келісетіндігін білдірді. Сондықтан біз бұл мәселені қыркүйек айының күнтізбелік жоспарына енгізіп қойдық», - деді Абдырахман Маматалиев.