«Өткен аптада Қырғызстанда автокөлік ішінен жас жігіттің мәйіті табылды. Кейінірек оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Мәйіт туыстарына жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, А. Шерматов өзіне-өзі қол салған болуы мүмкін. Себебі мәйіт жанынан оқ атылған тапанша табылды», - деді Айбек Смадияров.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 25 ақпанында Қырғызстанның Шу облысынан атыс қаруынан мерт болған Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, автокөлікті тексеру кезінде iPhone 6 телефоны, құжаттар, арақ шөлмегі мен темекі табылды. Ер адамның самай тұсына оқ атылған. Сондай-ақ оның қолында Макаров тапаншасы болған.