Төтенше оқиға Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Кумуш-Азиз ауылында орын алған. Жергілікті милиция органдарының деректері бойынша ғибадат етушілер Құран оқып, құлшылық етіп жатқан сәтте мешіттің екінші қабаты құлаған.
Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап, оқиғаның мән-жайын анықтауға күш салып жатыр. Зардап шеккендер Созақ аудандық ауруханасына жеткізілді.