Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлағандай, биғы жылдың 17 мамырында Бішкек қаласының аумағында жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында Қырғыз Республикасы денсаулық сақтау министрі А. Бейшеналиевтің кеңесшісі, 03.07.1993 жылы туған Тілекова Мээрім Тілекқызының нақты қайда екені анықталған.
Ол Қырғыз Республикасының ҚК 343-бабында көзделген (бопсалап пара алу) қылмыс белгілері бойынша тергеуге дейінгі тексеру материалдары аясында одан әрі тергеу әрекеттерін ұйымдастыру үшін ұсталып, Қаракөл қаласына жеткізілді.
Қазіргі уақытта тиісті жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр.