Оның сөзінше, денесін түрлі дәрежеде күйік шалған төрт адам жедел жәрдем көлігімен Соқылық аудандық жалпы дәрігерлік орталығына жеткізілді.
«Зардап шеккендердің біреуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Үшеуі травматология бөліміне жатқызылды (екеуінің жағдайы орташа ауыр, біреуі – қанағаттанарлық). Зардап шеккендерге қажет дәрі-дәрмек пен қан жеткілікті», - деді ол.
Бішкектен санитарлық авиация бригадасымен бірге комбустиолог жіберілді. Оқиға орнында травматолог пен хирургтары бар 3 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.