Қырғызстанда нан бағасы қымбат - сарапшы (ФОТО)

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Жеткізушілер қауымдастығының төрайымы Гүлнар Өскенбаеваның сөзіне қарағанда, Өзбекстанда нан бағасы көтеріңкі.

«Нан бағасы қымбат екені факт. Ұн тартушылардың ақпаратынша, ұн бағасы 30% арзандады. Негізгі өнім құны төмендесе, нанның бағасы да шамамен 25% арзандауы тиіс», - деп санайды Г. Өскенбаева.

Сарапшы мемлекет ұн бағасын реттеп отырғанын, алайда тұтынушыға жеткізілетін өнімнің құнын бақылауға қауқарсыз екенін атап өтті.

ҚазАқпарат тілшісі Қырғызстанда белгілі бірнеше әмбебап дүкендерін аралап, жергілікті нан, ұн мен макарон өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізді.

«Мадина» жұқа нанының ең төменгі бағасы 15 сом, «Московский» наны 16-17 сомнан сатылып жатыр. Нан бағасы шамамен 20 сомнан 60 сомға дейін болды. Көпшілікке танымал «Бородинский» батоны 44 сомнан, «Элита» батоны 60 сомнан саудаланып жатыр.

Қаланың сауда желілерінде қазақстандық ұн мен макарон өнімдерінің құны бірдей болып шықты. Айырмашылығы тек 2-3 сомды құрады.