Қырғызстанда наразылық акциясы өтеді

БІШКЕК. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкекте оппозицияның митингі өтеді. Шараға 3 мыңнан 8 мыңға дейін адам қатысады деп күтілуде.

Оппозиция жақтаушылары президент Құрманбек Бақиевтен саяси қудалауды тоқтатуды және шілденің 23-іне белгіленген президенттік сайлауға қатысудан бас тартуды талап етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап.