Олар билікті басып алуға дайындалды деген күдік тудырды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Қылмыстық іс Қырғызстанның ҚК 27-295 («Билікті күшпен басып алуға дайындалу») және 27-341 («Билік өкіліне күш қолдануға дайындалу») баптары бойынша қозғалды.
Қырғызстанның МҰҚК ақпаратынша, тергеуалды жиналған материалдарға сәйкес, аталған тұлғалар елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға кейін күшпен билікті тартып алуға бағытталған шара ұйымдастырмақ болған. Сондай-ақ, олар лауазымды тұлғаларға қару қолданып, шабуыл жасауды ойластырған.
Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Элдік парламент» қозғалысы лидерлері мен белсенділерінің келіссөздері жазылған аудиожазба бөліктері жарияланды.
Қазір Қырғызстанның МҰҚК қылмыстық іс аясында тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.