Қырғызстанда өрт кезінде 14 газ баллоны жарылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Тоқмақ қаласында «Мурок» мал базарында болған өрттен 14 газ баллоны жарылды.

Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тілсіз жау түрлі мақсатта пайдаланылған құрылыс вагондарында болды. Асханада тұтанған жалын газ баллондарына көшкен.

Баллондардың жарылысы мен жалыннан вагондар, сонымен бірге жақын орналасқан ветеринарлық дәріхана жанып кетті. Адам шығыны жоқ.