Көрші Қырғызстанда ағымдағы жылы орын алған оқиғалардан кейін Алматыда аталған елден келген мигранттардың саны күрт өскендігін атап өткен Л.Ахметованың айтуынша, олардың басым бөлігі базарларда жұмыс істейді.
Ал оңтүстіктегі бас қаладағы өзбек мигранттарының саны кеми түскен. «Соңғы деректер бойынша, Алматыда құрылысшы өзбектер ағыны біршама төмендеді. Дегенмен олар әлі бар және саяжайлар салып, құрылыс жұмыстарына араласуда. Алайда бұған дейінгі мол нөпір жоқ», - деді ол.
Сондай-ақ ол «Әріптес» ҮЕҰ Алматы конфедерациясының құрамында 539 үкіметтік емес ұйымның кіретіндігін атап өтті. Оның айтуынша, осы конфедерациясының бастамасымен еліміздегі көші-қонға арналған жалғыз сайт құрылған. Одан аталған тақырыпқа қатысты түрлі ақпараттарды алуға болады.