Маманның айтуынша, Ош қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу қажеттілігі 1999 жылғы бас жоспарының ескіруімен байланысты.
«1999 жылғы қаланың бас жоспарында жаңадан салынған көптеген ғимараттар, мектептер, әлеуметтік нысандар мен басқа имараттар негізгі бас жоспарға енгізілмеген», - деді ол. Ж.Көлбатыров атап өткендей, Ош қаласының жаңа бас жоспары 2015 жылдың соңында дайын болады. Жаңа бас жоспар жобасында Ош әуежайын жаңа орынға көшіру де қарастырылған. Ош халықаралық әуежайы Ферғана жазығындағы ірі әуе кеңістігінің бірі болып табылады. Мұнда Қырғызстанның оңтүстік өңірлерінен әуемен тасымалдау қызметі қамтамасыз етіледі. Ол Бішкек қаласынан 389 шақырым, ал Ташкенттен 322 шақырым қашықтықта орналасқан. Ресей, Түркия, Қытай, БАӘ әуе рейстерін қабылдайды.