Алқалы басқосуда 2016 жылы Қырғызстанда өтетін Түркі кеңесінің VI саммитіне дайындық мәселелері мен Түркі академиясының халықаралық ұйым ретіндегі жұмысын айқындай түсетін бірқатар құжаттар қаралуда. Сондай-ақ, күн тәртібіне басқа да тақырыптар қойылған.
Өз кезегінде сөз алған Д.Қыдырәлі академияның жуырда атқарған шаралары мен келешекке жоспарланған жобалары жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар, академия Түркі кеңесінің VI саммитін ұйымдастыру жұмыстарына әзір екенін білдірді.