Қырғызстанда Парламентте коалиция құру жөніндегі партиялар арсындағы келіссөздер екі күнде аяқталуы тиіс

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанда жаңа Парламентке өткен партиялар арсындағы коалиция құру жөніндегі келіссөздер екі күнде аяқталуы тиіс, деп мәлімдеді Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында «Республика» партиясының басшысы Өмірбек Бабанов.

Бұл туралы РБК хабарлайды.

Оның айтуынша, ол ел Президенті Роза Отынбаевамен бұл жөнінде сөйлескен. "Ол партиялар келіссөздер үстеліне отырып, осы мәселені таяудағы күндерде тезірек шешуі қажет деген ұсыныс айтты», - деді ол.

Сондай-ақ, Ө.Бабанов "Республика" партиясының басшылығы дауысты қайта санау деген мәселеге де жаңа парламент жасақтау уақыт алатын болғасын қарсылық білдірген.