Қорытындысында, Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, Жогорку Кенештегі орындар бұлайша бөлінді: «Ата-Жұрт» партиясы - 28 орын, Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы - 26, «Ар-Намыс» партиясы - 25, «Республика» - 23, «Ата-Мекен» партиясы 18 орын. Қырғызстанның жаңа конституциясына сәйкес, алдағы уақытта ел президенті Роза Отынбаева партия көшбасшыларына коалициялық үкімет құруды тапсыруы керек.
16:08, 01 Қараша 2010
Қырғызстанда парламенттік сайлаудың ресми қорытындысы жария етілді
БІШКЕК. 1 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Бішкекте Орталық сайлау комиссиясы 10 қазан күні өткен парламенттік сайлаудың ресми қорытындысын жария етті. Соған сәйкес, бес пайыздық айырмашылықпен парламентке өтетін бес партия анықталды.