Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жогорку Кенеш (Парламент) депутаттары үшінші оқылымда «Президент және Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» заңға түзетулер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kabar.

Құжатты қолдап 106 депутат дауыс берсе, залдағы 115 парламентарилердің тоғызы - қарсылық білдірген.

Осылайша, президент сайлауын өткізу күні 2017 жылдың 19 қарашасынан 15 қазанға ауыстырылды.