Сайлау бюллетеньдеріне он алты үміткердің аты-жөні жазылған. Алғашқыда олардың саны - сексен үш болған, сайлауалды дода барысында олардың саны он алтыға дейін қысқарды. Үміткерлердің көпшілігі өздігінен бас тартты, бірқатары Орталық сайау комиссиясының талаптарынан өте алмады.
Сайлаушылар тіркеген жерінен немесе мәлімделген тұрғылықты жерінен дауыс беруде. Сайлау кезінде сайлаушылардың сол қолының басбармағына тырнағының үстіне белгі салынады. Оны жуып кетіру қиын, 10 күнге дейін сақталады, дейді орталық сайлау комиссиясының өкілдері.
ҚР Президентін сайлау үшін 2318 сайлау учаскесі жасақталды; оның 2 289-ы - Қырғызстанда және 29-ы шетелдерде - ҚР елшіліктері мен консулдықтарында. Ресейде - 3, Қазақстанда 2 (Астана және Алматы), Өзбекстанда, Тәжікстанда және Түркіменстанда - бір-бірден, Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінде де осынша сайлау учаскелері құрылған.
Қырғызстан ОСК мәліметтері бойынша, сағат 15.00-те 1 миллион 104 мың 228 адам (сайлаушылардың жалпы санының 40-45 пайыздайы) дауыс берді. Қырғызстан астанасында сайлаушылардың белсенділігі жоғары - 41,93 пайыз. Оңтүстіктегі Ош қаласында дауыс беруге қатысу белсенділігі төмен - 25,98 пайыз.