Қырғызстанда президенттік сайлауға 15 кандидат тіркелді

БІШКЕК. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз Республикасы Сайлау және рефендумдар өткізу жөніндегі орталығының мәліметтеріне сүйенсек,

президенттік сайлауға түсуге бүгінгі күнгі жағдай бойынша 15 кандидат тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қырғыз Республикасының Сайлау туралы кодексіне сәйкес 2009 жылғы мамыр айының 18-і - президенттік сайлауға қатысу үшін кандидаттардың құжаттарды тапсыратын соңғы күн. Қырғызстанда өткелі отырған кезекті президенттік сайлауға елдің қазіргі басшысы Құрманбек Бәкиев те түседі, оның кандидатурасы «Ақ жол» партиясының мамырдың 1-інде өткен съезінде ұсынылды.