«Қазіргі заңға, өз регламентіне қайшы шараларды қабылдап жатқан және қоғамның өтініштеріне құлақ аспаған Жогорку Кенеш әрекеттері бұрыс шешімдерді қабылдау қаупін арттырып, парламент президенттің басқаруындағы органға айналғанын дәлелдеді», - делінген акция ұйымдастырушыларының мәлімдемесінде.
«Референдумға қарсымыз!» қозғалысының лидерлері Конституцияға түзету бойынша үдерістің легитимді емес екенін атап өтті.
«Референдумға қарсы және Жогорку Кенешті тарату туралы азаматтардың қолдарын жинау бойынша бейбіт миссияны бастап, бұқаралық наразылық шараларын өткізу құқығын өзімізде қалдырамыз», - делінген наразылық білдірушілердің мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, Қырғызстанның негізгі заңына түзетулер енгізуде премьер-министр мен парламенттің өкілдігін күшейту қарастырылған.