деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің 2 ағайыны мен басқа да бірнеше туыстары ұсталған. Олар Бакиев билігі кезінде бірқатар жоғары лауазымдарда отырған. Ал үкіметке қарсы соңғы шерудің басшысы Ұрмат Барықтабасов саяси қылмыскер болып табылады.
«Еліміздегі саяси ахуалды мемлекет толық бақылауға алған. Соңғы оқиғаға байланысты бүгінге дейін 2500 қылмыстық іс қаралып, оның 317-сі азаматтардың сотталуымен аяқталды. Дегенмен, елдің әр аймақтарында қылмыстық топтар әлі де бар. Мәселен, Ыстықкөл облысы аумағында ІІМ-не белгілі екі қылмыстық топ тіркелді. Олардың ішінде бірқатар өрескел қылмыс жасаушылар құрықталып үлгерді. Ал Ұрмат Барықтабасов қырғыз елімен қатар, Қазақстанның да азаматтығын алған. Ол Қырғызстанда 2 үлкен саяси қылмыс жасаған болса, Қазақстанда да экономикалық қылмыс жасағаны анықталып отыр», деді Қ. Байболов.
Сонымен қатар, министр қырғыз елі аумағында БАҚ өкілдеріне билік тарапынан ешқандай шектеу қойылмайтындығын баса айтты. Соның ішінде Қазақстан азаматтары мен журналистеріне де еш қауіп болмайтындығын, ондай іс тіркелген жағдайда ол тез арада оңтайлы шешімін табатындығын мәлім етті.